Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Проект
Всеобуч
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
Бостандыкская средняя школа
KZ
RU
EN
Меню сайта
Главная
Новости
Блог директора
Задать вопрос
Вопрос директору
Вопрос психологу
Обратная связь
Библиотека
Фотоальбом
Вакансии
Питание
Новости
Қазақ тілі мұғалімі Жумажанова Д.М өткізген "Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім" атты тіл апталығындағы жоспар
Жасай бер қазақ тілі, ана тілім. Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға жіне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқи білуін жетілдіру. Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Ата-баба мұрасына адалдыққа жіне оны жалғастырушы болуға баулу. Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті ұстаздар және білім нәріне құмар оқушылар! Бүгін бізде “Жасай бер қазақ тілі, ана тілім!” тақырыбында ашық сабақ өткелі отыр. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айрылмас серігі екенін көреміз: Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас қүралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш. Адамды мұратына жеткізетін де ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас, - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық тілінің мазмұнын байытқан – Абай атамыз. ол қазақ сөзін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен. Қазақ халқының атақты жазушысы М. Әуезов “Ел боламын десең, бесігінді түзе” деп өсиет еткен. Қазақ тілі – халқымыздың бай мұрасы, ол – халық ауыз әдебиеті үлгілері, небір дүлдүл жырауларымыз қалдырған,билеріміз айтқан даналық сөздері, халық аузынан өалған ертегі-әңгімелері. Қазақ тілі сонау ерте дәуірден халқымыздың дамуымен бірге алға басып жетіліп келеді. Ана тілімізді қадірлеу, қастерлеу- ежелгі салтымыз. Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес. Тіл өнерінен алдына жан салмайтын халықтың бірі. Анатілі үшін үлкен үлес қосқан ата-бабаларымыздың есімдері тарихтан белгілі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да осы тіл емес пе? 1989 жылы алғаш рет “Тіл туралы” заң қабылданып, мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сөз кезегін 9 “А” сынып оқушыларға беремін. 1-оқушы: 22-қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. 2-оқушы: Қазақстанда 100ден астам ұлт өкілдері тұрады,әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. 3-оқушы: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті “Тіл туралы” жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл “Мемлекеттік тіл жылы” деп жарияланды. 1-оқушы: Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін.... Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. 2-оқушы: Сағындырған ана тілім, армысын, Сағындырған ана тілім, бармысын. Осы тілде бар азамат ұғысқан, Осы тілде талай жүрек табысқан. 3-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алындар. Туған елім - мақтанышым. Мен анамды ұғындым деп мақтанам, Тілін білдім, жырын білдім сақтаған. 5-оқушы: Ана тілім тасталмайтын әліппем, Болғаным жоқ әріптерін танып мен. Өз тілімді жақсы көру арқылы Достасамын басқа барлық халықпен. 6- оқушы: Тіл сенің - Ең қайратты арыстанның, Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн. Тіл сенің - Жүректегі жүйрік елшің, Көк орман, көк арайлы бағыстаның! Тіл сенің - Өмірдегі өрнек сырын, Тіл сенің - Көмейдегі күміс жырың! Аспаның, Айын, Күнің, Ауаң, Демің, Шатт күлкің, тәтті әзілің, тапқыр сының. 7-оқушы: Тіл сенің - Тірліктегі жан ләзатың! Тіл сенің - Ар, Арманың, Махаббатың. Адамдық бар қасиет тіл мен мида, Ұғынсақ, сонда мейір, шапағатың! “Қазағым, елім” өлеңі. Көрініс “Шешендік әлемінде” Төрде қазақ тарихындағы көрнекті шешендер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би отырады. Ортада дастархан. Жағалай ақсақалдар, жігіттер. Мұғалім: Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының ьолашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солрдың ең бастылары - от ауызды, орақ тілді, ақылы асыеп туған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп арашаға келген сұнғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз. Төле би: Ей, әлеумет! “Құс арыса, қанаты талады, ат арыса, тұяғы тозады” деген, алыс қияннан келіп отырсыздар, осы аттың күші қай жерінде болады? Біреу: Аттың күші алдыңғы екі аяғында шығар. Екінші біреу: Алдыңғы екі аяғында да емес, артқы аяғында да емес аттың күші ортасында болады. Төле би: (балаға қарап) Оны қайдан білдің, себебі не? Қазыбек би: Астында төрт тіреу жоқ жерде күш қайдан болсын, күш тіреу ортасында. Алдымда ағам бар, артымда інім бар, екі жағынан да тірегім зор. Әділ билік маған лайық емес пе? Төле би: (Қазыбекке бата береді) Айтқан сөзін баталы болсын, Жүрген жерін бітуалы болсын, Дуала ауыз әділ жан атан, Осы саған берер батам. Бәйге сұрақтары: 1. Ең тәтті, ең ащы не? Өнер алды не? (қызыл тіл) 2. Ең бірінші бақытым... (халқым) 3. Үш биді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке) 4. Тілдің ең негізгі қызметті? (сөйлесу, қарым- қатынас) 5. Ашу дұшпан ... (ақыл дос) 6. Үш бәйтерек дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет) 7. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (бәйге) 8. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997жылы, 11-шілде) 9. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы? (Құран) 10. Сөз анасы ... (құлақ) 11. Ал екінші бақытым ... (тілім менің) 12. Бес арысты ата 13. Тіл - жұтамас ... (байлық) 14. Ана тіліңді ұмытқанын ...(өз ұлтыңды құртқанын) Тіл мерекесіне арналған би өнерін қабыл алыңыздар. Осымен тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Просмотров: 492
Комментарии
Чтобы оставлять комментарии
авторизуйтесь
Главная
Новости
Блог директора
Задать вопрос
Вопрос директору
Вопрос психологу
Обратная связь
Библиотека
Фотоальбом
Вакансии
Садуев Толеген Абайулы директор школы
Опрос
В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?
Умение читать и писать
Умение считать
Умение логически мыслить
Психологическая готовность
Голосовать
В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?
Умение читать и писать (
2
)
2
Умение считать (
0
)
0
Умение логически мыслить (
3
)
3
Психологическая готовность (
6
)
6
Статистика
За месяц
20
За неделю
6
Вчера
0
Сегодня
0
Онлайн:
0
Полезные ссылки