Бостандық орта мектебінде 2017 жылдың 7 наурыз күні шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті. Концерттің мақсатты: аналарды, қыз балаларды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Ананың махаббаты, ыстық алақаны кімге болса да қымбат. Баланы дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға алғысымыз шексіз. Мерекеде «Қарлығаш» шағын – орталығы, мектепалды даярлық тобы, 1-10 сыныптар өз өнерлерін ортаға салды: мың бұрала билеп, әдемі әндермен шашу шашып аналар мен әжелер қауымын құттықтады.