Мақсаты:
Осы мақсатқа сүйене отырып Бостандық орта мектебінде діни-экстремизмнің алдын-алуға байланысты жоспар құрылып мына төмендегі жұмыстар жүргізілді. Қаңтар айында 5-11 сынып оқушыларымен «Жалған телефондық терроризм» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Желтоқсан айында «Терроризм мен экстремизм дегеніміз не? » тақырыбында 11 А сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды
20 қаңтарда «Террористік қауіптілік қатері» мектеп бойынша эвакуациялық оқу – жаттығулары өтті.
10 ақпанда «Менің Отаным - Қазақстан» атты 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Мектепте «Террорлық қауіптілік қатері және төтенше жағдайларды алдын алу» атты қабырға стенды рәсімделді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Б.Серкебаев қауіп- қатер кезіндегі әрекеттерді мектеп ұжымы мен оқушыларға тиянақты түсіндіріп берді, тіпті сондай жағдайлар бола қалса, адамдарды, медициналық көмек көрсету, мектеп мүлігін сақтап қалудың амалдары мен шарттарын анықтап көрсетті.